31.01.2018, 15:05
Қараулар: 28
«Үйірме күні» ұйымдастырылды

«Үйірме күні» ұйымдастырылды

Алмалы орта мектебінің қосымша білім беру педагогтары Болат Өтешов, Жұбаныш Мейірбек және Жанаргүл Хибашеваның ұйымдастыруымен «Үйірме күні» өтті.
Осында «Жас қалам», «Сырлы бояу», «Вокал» үйірмелерінің оқушылары «Мүшәйра», «Эссе», «Көркемсөз», «Көркемсурет», «Вокал» аталымдары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Отызға жуық шәкіртті қамтыған шарада мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақтолқын Жанғалиева бастаған сарапшылар алқасы үйірмелердегі оқу-тәрбие мазмұнына ерекше назар аударды. Педагогтармен ақылдасу барысында істі ширатуға қатысты міндеттер пысықталды. Шара соңында қатысушыларға дипломдар табысталды.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда, жеке тұлғаның қабілетін ашып көрсетуде үйірмелердің алатын орны айрықша байқалды.

Нұрлықыз ҚҰРАҚОВА,

Алмалы орта мектебінің дефектолог мұғалімі.

АЛМАЛЫ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар