13.03.2018, 8:58
Қараулар: 89
Тарихи батыл қадам

Тарихи батыл қадам

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін жұртының әлеуметтік жағдайы әрдайым басым бағыт болып саналатынын тағы бір дәлелдеп берді. 5 наурызда жарияланған Үндеу – президенттік 5 әлеуметтік бастама өте қажетті және тарихи батыл қадам екені сөзсіз. Осы орайда қазақстандықтардың қуанышына, үнқатуына мен де қосыламын.
Тәуелсіздігіміздің басында еліміз небір қиындықты еңсерді, одан кейін де талай сыннан өтті. Қай кезде де халықтың әл-ауқатын көтеру назардан түскен жоқ. Мұны көріп, әрдайым сезініп келеміз. 2002 жылдан бері бөлшек саудамен айналысатын жеке кәсіпкер болып табыламын. Әрине, қайсыбір кәсіпкер қиыншылықсыз ештеңе болмайтынын жақсы түсінеді. Сонау кезден бері қарасақ, мемлекеттің қолдауы бірте-бірте өрістей түсіп, үмітімізді үкіледі.
Кәсіпкерлер палатасы өткізіп тұратын курстар, семинарларға мен де қатысып тұрамын. Пайдасы зор. Осыған дейін несие алып көрген жоқпын. Алдағы кезде алып көрсем деген ойым бар. Елбасымыздың аталған Үндеуіндегі төртінші бастама – «Шағын несие беруді көбейту» дәл мезгілінде көтерілген, өз ісін қанаттандыруды көздеп жүрген талай кәсіп иесін жігерлендіреді деп есептеймін. Балаларымыз үшін хал-қадірімізше атсалысып жүргендіктен, шаруаны ширата түскен абзал ғой. Олар да өсті, немерем де бар. Айтқандайын, Үндеудегі «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» жөнінде де бастамаға ерекше қуандым. Екі қызым – Анжелика мен Тамара Оралдағы мемлекеттік университетте ақылы негізде оқыды. Жоғарыда айтқанымдай, немерем өсіп келеді. Осындай өскіндер үшін мемлекет бөлген гранттың көбейетіні еліміздегі қазіргі 4 милионнан астам отбасын қуантқаны сөзсіз деп білемін.

Татьяна ЛЯШЕВА,

жеке кәсіпкер.

ЧАПАЕВ.