5.06.2018, 18:01
Қараулар: 2195
Қанат ұшқанда қатаяды

Қанат ұшқанда қатаяды

Сәбилердің бойындағы өнер бастауын танып, талантты балаларды жетелеу мақсатында Тайпақ Мәдениет үйінде «Балалар – біздің болашағымыз» атты байқау өтті. Бұл байқауға «Айгөлек» бөбекжайының бүлдіршіндері де белсене қатысып, өз бақтарын сынады.
Нәтиже көпшілікті қуанышқа бөледі. «Айгөлектен» қатысқандар, яғни би жанры бойынша І орынды Айару Нұрлан мен Амандық Тресов жеңіп алды. Ән жанры бойынша ІІ орынды Дамира Исқалиева, ІІІ орынды Адина Әділғазы иеленді. Алғысхатпен Анель Меңдіғалиева мен Әділжан Аманжол марапатталды. Сән үлгісі бойынша ІІІ орынды Мәдина Халиолла мен Әсемай Серік иеленді. Осындай нәтижеге жету «Айгөлектің» музыка жетекшісі Айгүл Ғайсақызының, сонымен қатар тәрбиешілер Жанаргүл Серікқызы мен Гүлниса Қарағойшықызы, сурет салу педагогы Роза Нәсіпқалиқызының еңбегі зор.
Бүлдіршіндердің тұсаукесер табыстары алдағы кезде еселене түсеріне мен кәміл сенемін және олардың талабының ұшталуына мемлекетіміз, ауылдағы басшы-қосшы азаматтар, оқытушы-тәрбиешілер қолдан келгеннің бәрін жасап отырғанына өте қуанамын.

Майра ТӨЛЕНОВА,

ауыл тұрғыны.

ТАЙПАҚ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар