27.06.2018, 11:45
Қараулар: 501
Балабақша “Астана” деп аталады

Балабақша “Астана” деп аталады

Кәсіпкер Әлия Шоқано-ва Чапаев ауылында 100 орындық балабақша ашу жұмысымен айналысуда. Құрылысы мамыр басында басталған, екі бөліктен тұратын нысан сәбилерді төрт топ бойынша тәрбиелеуге арналады. Жалпы аумағы 277 шаршыметрді алып жатқан құрылыстың барлық шығыны 60 млн. теңгеге жуық.
Ойын залы, жатын бөлмелері соңғы үлгі бойынша безендіріліп бола келді. Мұнда үштілділікті оқыту қолға алынбақ. Келешекте роботтехника үйірмесін ашу жоспарда бар. Тәрбиеші, бала күтуші, аспаз, кіші қызметкерлер-ді қосқанда 15 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылмақ. Осындай басқа мекемелерден бір ерекшелігі бүлдіршіндер кешкі сағат сегізге дейін тәрбиешілердің қарауында болады. Бұл жұмысбасты ата-аналар үшін тиімді болғалы отыр. Сондай-ақ Ә.Шоқанова болашақта балаларды үйінен тасымалдау да ұйымдастырылатынын айтады. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай мекемеге «Астана» атауы берілмек. Бұл аудан бойынша жеке-шенің иелігіндегі үшінші балабақша болмақ.
Әлия Серікқызы 15 жылдан бері жеке кәсіппен айналысып келе жатқан жан. Аудан орталығында «Төрехан» тойханасы да көпшілікке қызмет көрсетіп келеді. Ол осы 100 орындық балабақшаны болашақта 250 орындық тәрбие ордасына айналдырғысы келеді.

Айбын ӘЛИ.

Чапаев.

*Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН.