15.08.2018, 17:06
Қараулар: 31
Цифрландыру өрісі

Цифрландыру өрісі

Басқарудың жаңа технологияларын және цифрландыруды енгізу, сөйтіп мемлекеттік аппараттың тиімділігін күшейту, «тоқ-сан» қағазды қысқарып, бұларды цифрлы жолмен алу жөнінде елімізде тиісті өзгерістер өрістеуде. Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің өсу қарқыны көңіл қуантады.
Ауылдық округтерде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде картридерлер арқылы тұр-ғындардың өз-өзіне қыз-мет көрсету бұрыштары ашылуда. Бізде картридер жақында орнатылды, оның маңызы жайында халыққа түсіндіріп, хабарландырулар беріп отырамыз. Оны пайдалану үшін тұрғындардың жеке куәліктерінде арнайы чип болуы керек. Чипке әрбір адамның электронды қолтаңбасы, паролі халыққа қызмет көрсету орталығында салынып беріледі.
Дейтұрғанмен, кейбір ауылда интернет желісі жылдамдығының нашарлығы ұшырасуда. Бұл мәселені шешу үшін тиісті құрылымдық мекемелерге ұсыныстар бердік, «Қазақтелеком» АҚ хабардар.
«Ашық әкімдік», «Мемлекеттік көрсетілетін қыз-меттердің жәрмеңкесі» күндері бізге де біраз тәжірибе әкелуде. Яғни, тұрғындармен байланыс нығайып, дәуірдің көптеген жаңалығын жұмыла игеру, мемлекеттік қызметтің сапасы жөнінде олардың ой-толғамдарын зерттеп отырамыз.
Аудан әкімдігінің қолдауымен цифрлық сауаттылық дағдыларына оқы-ту курсынан ауылдың 19 тұрғынын өткізу жоспарланды. Оқу барысында олар www.pki. gov.kz, www. Egov.kz, elicense.kz жүйелерінде жұмыс жасау-ды, «ашық үкімет», «ашық диалог», «ашық НҚА», «ашық бюджет» компоненттері және электрондық коммерция қағидаларымен танысып, жұмыс жасауды үйренетін болады.
Мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес, сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетілуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырылады.

Мади ӨТЕҒАЛИЕВ,

Құрайлысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар