17.10.2018, 14:59
Қараулар: 4089
Орманшы қауым — спорт залдарында

Орманшы қауым — спорт залдарында

Қазан айының үшінші жексенбісінде орман шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өту дәстүрге енген. Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жұмысшы-қызметкерлері кәсіптік мерекелері құрметіне спорттық сайыстар өткізді. Орманшылықтардан Чапаев ауылындағы спорт залдарына ынта-ықыласпен келіп, жарыстардың әлденеше түрінен күш сынасқан оларды мекеме директоры Мәлік Мұхтар құттықтады.
Үлкен ұжымның бірлігі көрінген бұл спорт мерекесінде айталық, арқан тартыстан Чапаев орманшылығының жігіттері жеңімпаз атанды. Қол күресінен Қайрат Тілеужанов (Чапаев орманшылығының орман күзетшісі), гір тасын көтеруден Данияр Әбдіқалов (Қаршы орманшылығының орман күзетшісі) топжарды. Доппен түрлі жаттығулар, аяққа қапшық киіп секіру секілді жарыстар да тартымды болды.
Жалпыкомандалық есепте Чапаев орманшылығы І орынға ие болды. ІІ орын Қаршы орманшылығына, ІІІ орын Каленый орманшылығына бұйырды.

Әли АСҚАР

Суретті түсірген автор

Түсініктеме