23.10.2018, 9:16
Қараулар: 491
«Анель» сұлулық салоны ашылды

«Анель» сұлулық салоны ашылды

Аудан орталығында «Анель» сұлулық салоны ашылды. Бұл биыл ауданда ашылған 23-ші кәсіпкерлік нысаны болып табылады. Аталған қуанышқа аудан әкімінің орынбасары Тимур Шиниязов, кәсіпкерлік саласының басшы-қосшылары, тұрғындар ортақтасып, салон иесі Айжан Данаеваны риясыз көңілден құттықтады.
Айжан Орынбасарқызы бұған дейін Алматы қаласындағы «Маг», Атыраудағы «Ару» сұлулық салондарында жұмыс жасаған. 2011 жылы Ақжайық ауданына қоныс аударып, «Натали» шаштаразында шаштараз болып еңбек етті. Міне, жұбайы Мерхан Хамзин екеуінің жинағына құны 7 млн. теңгеге 2015 жылы құрылысы басталып, мәреленіп отырған салонда әйелдер, ерлер, балалар шашын қию, қыз-келіншектердің тырнағын әрлеу, олардың талғамына сай басқа да сәндену қызметтері көрсетіледі. 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сәні мен салтанаты жарасқан көлемі 26х12 шаршыметр бұл ғимарат көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнда сондай-ақ автокөлік жуу және жөндеу орны жыл соңына дейін іске қосылмақ.
Ашылу салтанатында А.Данаева өзінің қуанышын бөліскен ел-жұртқа, аудан басшылығына ризашылығын арнады.

Әли АСҚАР

Суреттерді түсірген  Нұрбек ИХСАН