24.10.2018, 17:14
Қараулар: 10448
Партия филиалының кезекті конференциясы

Партия филиалының кезекті конференциясы

Чапаевта «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезекті ХХІІІ конференциясы өтті. Бас қосу «Нұр Отан» партиясы аудандық филалының төрағалығына аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовты сайлаумен басталды.
– Сенім білдірген-деріңізге алғыс айтамын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған мақсаттары мен тапсырмаларын орындауда «Нұр Отан» партиясының алар орны ерекше екені мәлім. Баршаңызды біріге жұмыс жасауға шақырамын,-деді ол.
Филиал төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева 2017-2018 жылдарғы жұмыстарды баяндады.
Саяси додаларда айқын басымдылықпен жеңіске жетіп жүрген бас партия көптеген іс-шараларға бастамашыл болып, жіті жоспарланған бағдарламасын құрған-дығы белгілі. Айталық, «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жа-сампаздық» атты сайлауалды бағдарламаға сай істер қайсыбір жерден де табылады. Елбасының Жолдауларынан туындаған бағдарламалар жөнінде де соны айтуға болады. Мысалы, «Жастар – Отанға!», «Сәтті қадам», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Кедергісіз келешек» атты партиялық жобалар бойынша ауқымды істерден мысал біздің ауданымызда да аз емес.
Бас партия өкілдерінің бұқарамен қарым-қатынасы күннен күнге артып келеді. Мысалы, өткен жылы филиалға 324 азаматтан өтініш түскен болса, биылғы 10 айда 175 өтініш түсіп, соның 80 пайызы қанағаттандырылды.
Конференцияда «Қарасай» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ізбасар Дәуітов, «Алмалы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Өтешов сөз сөйледі.
Осыдан соң филиал Саяси кеңесінің құрамы, Саяси кеңесі Бюросы жаңадан сайланды. Конференцияда 31 қазанда өтетін “Нұр Отан” партиясының облыстық конференциясына ауданнан 13 делегат сайланды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы «Нұр Отан» партиясы филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев әңгімеледі.
Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов филиалдың белсенді мүшелері Бақытжан Қоспаев, Марат Қозыбаев, Ізбасар Дәуітов, Темур Құсайынға «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің алғысхаттарын табыстады.

Рахмет ҚАЛИ

Түсініктеме

The slew of people with diabetes has wellnigh cvs pharmacy quadrupled since 1978. Ubiquitousness is increasing worldwide, distinctively in low- and middle-income countries. The causes are complex, but the rise is charges in take a part in to increases in the party of people who are overweight http://canadianonlinepharmacy.us.com meijer pharmacy, including an better in weight, and in a widespread need of earthly activity. In April 2012, WHO published the Epidemic on on diabetes, which calls for energy to curtail exposure to the known hazard factors on breed 2 diabetes and to correct access Copyright by means of online pharmacies of canada to and worth of regard in behalf of people with all forms of diabetes.