9.11.2018, 12:05
Қараулар: 181
Жас педагогтардың І слеті

Жас педагогтардың І слеті

SONY DSC

Чапаевта жас педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру, оларға жаңа технологияларды таныстыру мақсатында «Идея. Ізденіс. Шабыт» І аудандық слет өтті.

Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Анар Баймұханова мен жас педагогтардың «Идея. Ізденіс. Шабыт» облыстық слетінің қатысушылары Еламан Халиматов, Айгерім Құмарова, Абай Мінжасов, Жұлдыз Құсайынова, Марат Ғабитов, Нұрхат Сарбасов, Назерке Бақтыгереева, Назира Дендерова алғашқы слет барысында дәуірдің мектепке, мұғалімге тың талаптары жайында жан-жақты әңгімеледі.

Жас педагогтар туристік кедергілер бойынша сайыстарда күш сынасты. «Өркен» коворкинг орталығында «Мұғалім мәртебесі» тақырыбында пікірталас және «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының консультанты Біржан Кухаевпен сұқбаттасу өтті.

Сондай-ақ жиналғандар өңірімізге іссапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалинмен кездесіп, сұрақтарына жауап
алды.

«Айналмалы бекет» әдісімен Абай атындағы мектепгимназияның коуч-тренерлері жаңартылған білім мазмұны аясында шаралар өткізді. Атап айтсақ, Қымбат Қуанышқалиева «Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қолданатын қалыптастырушы бағалау түрлері», Гүлнәр Иманғалиева «Оқушыны ынталандыратын оқытудың тиімді тәсілдері», Әсел Ерментаева «Рефлексия мен
кері байланыс» тақырыбында коучингтер ұйымдастырды. Одан әрі орталық кітапханада «READх» жобасы өткізіліп, қызжігіттер журналист Мәлік Берді Әлімен сұқбаттасты.

Берік ЕЛЕКЕШОВ,

аудандық білім бөлімінің әдіскері