30.11.2018, 10:46
Қараулар: 187
ҚХА-ның үздік медиаторы атанды

ҚХА-ның үздік медиаторы атанды

Қазақстан халқы Ассамбле ясы қоғамдық негіздегі медиаторлар арасында жариялаған республикалық байқаудың қорытындысымен біздің ауданнан Құрман Бисеғалиев жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ол ҚХА-дан арнайы дипломмен және естелік бағалы сыйлықпен марапатталды.

Қоғамдық негіздегі медиатор Құрман Жанұзақұлының еңбегі ақжайықтықтарға жақсы мәлім. Айталық, ол былтыр 102, ал биылғы өткен кезеңде 62 іс бойынша дау-дамайды, кикілжіңді оңынан шешті. Сөйтіп, біраз тұрғынды сот мәжілісіне дейінгі әбігерден және сот мәжілісінен құтқарды, талайдың уақытын үнемдеуге септесті.

Бекем БЕКҰЛЫ