30.11.2018, 10:53
Қараулар: 467
Үлкен спортқа алғашқы қадам

Үлкен спортқа алғашқы қадам

Қарауылтөбе ауылындағы «Нұрбақыт» бөбекжайында «Көңілді доптар» атты спорттық шара ұйымдастырылды. Оның барысында қазақстандық әйгілі спортшылардың үлкен спортқа бірінші қадамы бүлдіршін кездеріндегі осындай ойындардан басталғаны жайында әңгімеленді. «Кім шапшаң?», «Кенгуру», «Кедергілерден өту», «Құрсаудан құрсауға секіру», «Жалауды тез жеткізу» атты сайыстар қорытындысында тәрбиеленуші Нұрбек Мұрат «Ең үздік спортшы», өз тобының басшысы Ахмет Заңғар «Ең үздік топ басшысы» аталымына ие болды.

Айгүл ҒАбдуАлИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар