6.12.2018, 17:09
Қараулар: 732
Қосымша білім қауқарлы болсын

Қосымша білім қауқарлы болсын

Аудан орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған шаралар өтті. Шара қосымша білім беру
педагогтерін марапаттау салтанатымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев өзінің құттықтау сөзінде ұл-қыздың тәрбиесі мен білімін, жауапкершіліктері мен ізденістерін арттыруда осы педагогтердің еңбегі
зор екенін айтты. 

Бойында оқу-тоқуға, өнерге деген ұмтылысы бар жас өрендердің тасада қалмауына, жан-жақты жетілуіне бар күш-жігерін сарп етіп жүрген мамандар аз емес. Шарада Т.Ғабдушев Ақжайық балалар музыка мектебі фортепиано класының мұғалімі Әлия Үмбетова, балалар шығармашылық орталығындағы«Жас техник» үйірмесінің  жетекшісі Мұрат Есендосов, Атамекен ауылындағы «Жерұйық» музейінің жетекшісі Жәнібек Әбілпейісов, ҚР еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы Қуаныш Аққалиев және Тайпақ балалар музыка мектебі домбыра класының мұғалімі Ақерке Әубекерді, қосымша білім беру ұйымдарына жанжақты қолдау көрсетіп жүрген чапаевтық Сарқұловтар, Ерәлиевтер, тайпақтық Теміровтер отбасыларын аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың алғысхатымен марапаттады.

Шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Дәурен Нұрғожа құттықтау сөз сөйлеп, Ақжайық музыка мектебіндегі сыбызғы класының мұғалімі Талғат Дошиков, Қаршы орта мектебіндегі музейдің жетекшісі Айнажан Сәрсенбаева, балалар шығармашылық
орталығының педагогұйымдастырушысы Зәмзәгүл Сисақова, осы мекеменің әдістемелік бөлім меңгерушісі Ботагөз Ғабсаттарова және тағы басқаларына естелік сыйлықтар табыс етті.

Айтулы күнге орай ұйымдастырылған шаралар аудандық кітапханада аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың оқушылармен жүздесуімен жалғасты.

– Бүгінгі таңда елімізде қосымша білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру саласы әлемдік кеңістікке бағыт алуда. Мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық тұрғыда дамытуда қосымша білім берудің рөлін одан әрі арттыра түсуіміз керек. Осы орайда сіздердей жас өрендердің жетістігі ауданымыздың абыройын асқақтата берері сөзсіз деп білемін. Арамыздағы мақтаулы оқушылар барша тұстастарына үлгі, – деді Қ.Айтмұхамбетов өз сөзінде.

Ол қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын саралап, жетістіктерін атады. Саланың материалдықтехникалық базасын нығайту әманда назарда ұсталады. Балалар шығармашылығы, туризм және экология орталығы, Ақжайық және Тайпақ балалар музыка мектептерінде ауданымыздағы барлық 6442 оқушының 6132-і қосымша білім алуда. Тың ізденіс, бастамалар керек. Жетістіктер де аз емес. Балалар шығармашылығы орталығындағы Сәкен Әбілхайыров жетекшілік ететін «Фотосурет» үйірмесінің мүшесі Гауһар Бауыржан «ЭКСПО» халықаралық  мамандандырылған көрмесіне арналып Щучинск қаласында өткен республикалық фотосурет байқауынан бас жүлдені иеленді. Орталықтағы Досжан Бижанов жетекшілік ететін «Қолөнер» үйірмесінің оқушысы Нұх Бексұлтан республикалық «Ақжелең», І Халықаралық «Ертегілер әлемі» байқауында қолөнер аталымы бойынша І орын алды.
Туризм және экология орталығы тәрбиеленушілерінің жетістіктері де ерек. Олар биылдың өзінде 18 облыстық, 5 республикалық,
3 халықаралық сайыстарда бас жүлде алып, ауданның білім саласындағы жетістіктер шежіресін толықтырды. Спорттық бағдарлау үйірмесінің оқушысы чапаевтық Мұстафа Махамбетұлы – республикалық спорттық бағдарлау жарысының үш дүркін чемпионы. Ол спорттық бағдарлаудан жақында Қытайдың Гонконг қаласында 18-30 желтоқсан аралығында өтетін VІ Азия чемпионатында
еліміздің құрама командасы сапында өнер көрсетеді.

Кездесу барысында Қалияр Шадиярұлы жиналған оқушылардың әрқайсысының жетістігін атап тұрып, қошемет көрсетті.

«Қазақ халқының бай музыкасын ұстаздарымыздан үйреніп, өнердің өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосамын», – дейді Тайпақ музыка мектебінің оқушысы Ұлболсын Өтепберген өз сөзінде. Мұстафа Махамбетұлы, балалар шығармашылық орталығындағы «Көркемсурет» үйірмесінің оқушысы Ли Оспан, Ақжайық музыка мектебінің оқушысы Дана Ерланова сөз сөйлеп, оқытушыларының мүдделі еңбектеріне ризашылықтарын жеткізді.

Осы күн құрметіне орай мәдени-демалыс орталығында өткен концертте қосымша білім беру ұйымдары үйірмелерінің мүшелері, педагогтер ән әулетіп, домбырадан күй төкті.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Суреттерді түсірген автор

Түсініктеме

Viagra Stl New Primatene Mist Inhaler Feline Amoxicillin Drops cialis price Toothache Abscess Keflex Will Propecia Work Forever Hair Loss Acheter Cialis En Belgique