6.12.2018, 17:12
Қараулар: 211
Үздік медиаторды қабылдады

Үздік медиаторды қабылдады

Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов «Таным» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрман Бисеғалиевті қабылдады.

Аудан басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық негіздегі медиаторлар арасында жариялаған республикалық байқаудың қорытындысымен «Үздік  медиатор» атанған Қ.Бисеғалиевті құттықтады. Қалияр Шадиярұлы қашан да ортақ іске деген жауапкершілігі жоғары Құрман Жанұзақұлының еңбегі ауданға жақсы мәлім екенін айта келіп, оған естелік сыйлық табыс етті.
Қабылдауда Ақжайық ауданы сот төрағасының міндетін атқарушы Асхат Ғапуов болды.

Нұрхат МАҒЗОМОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар