6.12.2018, 17:14
Қараулар: 732
Шабдаржаптағы велотуризмнен сайыс

Шабдаржаптағы велотуризмнен сайыс

Ауданымызбен көршілес Атырау облысының Индер ауданымен қарым-қатыс тығыз орныққан. Соның бір айғағы – жуырда Индерден Шоқан Уәлиханов атындағы және Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп оқушылары мен олардың ақжайықтық құрдастары арасында велотуризмнен сайыс өтті. Ақжайықтың Шабдаржап ауылында «шайтанарбамен» «сегіздік», «әткеншек», «күрт бұрылыс», «сақина тасу», «бір орында тұру», «қақпа астынан өту» секілді сынақтар қорытындысында І орынды
«алаң иелері» – шабдаржаптық оқушылар, ІІ орынды индерлік құрама, ІІІ орынды ақжайықтық  М.Өтемісов атындағы орта
мектеп пен Краснояр орта мектебінің командалары иеленді.

Оқушылар велотуризмнің қыр-сырына қатысты ойтолғамдарын бөлісіп, спорт ардагерлерімен әңгімелесті. Шабдаржаптағы орта мектепте аталған спорт түрінен хабардар шәкірттер қатары қалыңдығын жекелей есепте олардан қыздар арасында Гүлсана Рақишова мен ұлдар арасында Жанболат Бақытовтың І орын алуы сөзсіз әйгіледі.

Қанат ЖАЗЫҚБАЕВ, 

аудандық балаларжасөспірімдер туризмі орталығының әдіскері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар