1.02.2019, 15:22
Қараулар: 77
Гүлайназдың жетістігі

Гүлайназдың жетістігі

«Жайық Пресс» медиахолдингі өткен жылдың соңында облысымызда тұңғыш рет ұйымдастырған «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінде жеңімпаздар қатарынан көрінген Бітік мектепбөбекжай кешенінің 10-сынып оқушысы Гүлайназ Сәрсенғазиева бұл жетістігінің желісін одан әрі жалғастырды.

Ол жуырда облыстық Мұқағали Мақатаев оқулары байқауына қатысып, бағын сынаған болатын. Мұқағали ақынның «Пай, пай өмір!», «Абақай деген көл екен» өлеңдерін жатқа айтып, шайырдың өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға толымды жауап беріп, «Райымбек, Райымбек!» поэмасынан үзінді оқыған Г.Сәрсенғазиева ІІІ орынды иеленді.

Әли АСҚАР