1.02.2019, 15:34
Қараулар: 14
Әлеуетті саяси ұйым

Әлеуетті саяси ұйым

Еліміздегі іргелі саяси күшке, парламенттік партияға айналған «Нұр Отан» партиясының құрылғанына алдағы 1 наурызда 20 жыл толады.

Әуелгі кезде Президент тік сайлаудың штабы ретінде құрылып, — алдымен «Отан» саяси партиясына айналған қоғамдық құрылымның аудандағы бастауында тұрғандықтан, өткен кезеңдер суреті көз алдымнан тізбектеліп өтіп жатқандай. Сөз жоқ, алғашқы қадам, жаңа бастама қашан да оңай болмайды, өзіндік қиындықтары жетіп жатады.

Міне, осындай саясидемократиялық тегеуріндердің көрінісі күн сайын анық байқалып келе жатқан шақта Алматы қаласында 1999 жылдың 1 наурызында «Отан» саяси партиясын құру туралы мәселе қойған алғашқы құрылтай съезі шақырылды. Республикамыздың барлық өңірлерінен қатысқан 400-ге жуық делегат ішінде біздің облысымыздан Мәлік Құлшар, Бауыржан Тұманов, Табылғали Сапаров, Сағын Құрманов, Виктор Княнский, Қазыбай Бозымов, өңірімізге танымал басқа да азаматтардың қатарында сол бірінші съезге қатысуым өмірімдегі елеулі оқиғалардың бірі ретінде жадымда қалды.

Съезд делегаттары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан партия Төрағасы етіп сайлады. Ол партия басшысының міндетін атқаруды белгілі қоғам қайраткері Сергей Терещенкоға жүктеді.

Қазіргі «Нұр Отан» партиясының билік партиясына, Парламенттегі шешуші демократиялық-саяси күшке, облыстық, аудандық деңгейде бюджеттен қаржыландырылатын аппараты қалыптасқан ұйымға айналғанын көріп отырып, о баста бүкіл партия жұмысын атқарушы директор лауазымындағы жалғыз адамның жүзеге асыруына тура келді десем, оған дәл бүгін көп адам сене қоймауы да мүмкін. Бірақ бұл – тарихи шындық. Ақиқаты сол, бастапқыда партия жұмысы да, еңбекақы да тек қана демеушілердің қаржысына тікелей байланысты болды. Ал сол кезеңнің экономикалықәлеуметтік қиыншылықтарының қандай болғандығын көпшілік әлі ұмыта қоймаған шығар.

Ол кезде партия алдында тұрған ең басты міндет – ең бірінші кезекте ұйымға мүшелер тарту, халық арасында белсенді үгіт-насихат жұмысын жүргізу болды. Сондықтан да аудандық газет арқылы және аудан көлемінде өткізілетін мәжілістерде, елді мекендерде
халықпен кездесу барысында бұл жұмыс барынша қарқынды жүргізілді. Мысалы, аудандық «Жайық таңы» газетінің 1999
жылғы 13 наурыздағы санында «Отан» – ашық және парасатты қоғам құру жолындағы патриоттар партиясы», 3 сәуірдегі
санында «Отан» партиясы елдің мығым тірегі болады», 22 мамырдағы санында «Во имя нашего будущего» атты көлемді мақалалар жарияланды. Уақыт өте келе, «Халық бірлігі партиясы», «Демократиялық партия», «Қазақстанның либералдық қозғалысы» және «2030» қоғамдық қозғалысымен өткізілген біріккен съезде мақсат-мүддесі үндес 5 партияқозғалыс біртұтас «Отанға» бірігіп, халық алдында жоғары белсенді саяси-демократиялық ұйым ретінде танылды. Бұл үрдіс-тәжірибе одан кейін  де жалғасын тауып, «Нұр Отан» партиясы халықаралық деңгейде танылған партиялар қатарынан берік орын алды, әлемдік саяси-демократиялық партиялардың қай-қайсымен де тең дәрежеде келіссөз жасайтын деңгейге жетті. Бұл – көп жылғы тынымсыз белсенділікпен атқарылған ауқымды істердің жемісі.

Менен кейін ауданда партия жұмысына Сейілхан Мыңжасов, Салауат Айтмұқашевтар жетекшілік жасап, қоғами өмірдегі партияның рөлін қалыптастыруға өзіндік үлестерін қосты. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жұмысын Айжан Нысанбаева басқаруда. Филиал жұмысы бүгінде облыс, республика көлемінде танылып, партия ұйымдары арасында өткізілген байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері болып жүргендігі мені партия ардагері ретінде ерекше қуантады.

Иә, 20 жыл да өте шығыпты. Осы уақыт ішінде партия өз жауапкершілігін іспен дәлелдей білді. Парламентте, мәслихатта көп орынға иелік етіп отыр. Халық тұрмысына, елдегі саяси жағдайдың бірізге түсуіне тікелей ықпал етті. Ірі саяси ұйымға айналу, Парламентте басым орынға иелік ету сияқты басты мақсаттарын жүзеге асыра алды. Бәрінен қымбат – халықтың сенімі мен ризашылығы. Жылдар жүзінде біз соны сезіне алдық. Соның әсерімен шабыттанып жұмыс істедік. Әйтпесе, партияны кез келген адам құра алады. Әрі қарай шаруаны дөңгелетіп алып кете ме, мәселе осында.

«Нұр Отан» – қоғамның қиыс кетіп бара жатқан тұсын түзеп, жөнге салып отыратын, тікелей Президент тапсырмасымен жұмыс істейтін бірегей құрылым. Сондықтан бұл тұрғыда оның белсенділері аса қатаң позиция ұстанып, тәртіпті нығайтуды әманда назардан түсірмесе, құба-құп. Бүгінде еліміз бойынша «Нұр Отанның» 6 мыңға жуық бастауыш партия ұйымы бар. Бір миллионнан астам «нұротандықтар» осы ұйымдарға топтастырылған. Былтыр ұйымдардың жұмысын жандандыру мақсатында партия тарихында алғаш рет еліміздің төрт аймағында арнайы форумдар өткізілді. Онда қатысушылар БПҰ қызметтерін одан әрі жандандыруға бағытталған тұжырымдамаға енгізу үшін өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Елбасының тапсырмасы бойынша «нұротандықтар» өз ұйымын еліміздің заманауи, тиімді, жоғары технологиялы саяси ұйымы ретінде қалыптастыруы керек.

Бүкіл әлем өзгерістерге ұшыраған кезеңде біз де қазіргі заманның үрдістеріне бейімделуге тиіспіз. Жақтастарымызға өз идеяларымызды түсіндіруде жаңа тәсілдерді қолданып, озық халықаралық тәжірибелерді ескеруіміз қажет. Елбасы Саяси кеңес отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Нұр Отанның» идеологиялық платформасы болуы керектігін де ерекше айтқан
болатын. Сондықтан аталған бағдарламаның партия үшін маңызы жоғары. Бұл бағдарлама рухани, идеологиялық, тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыруға да даңғыл жол ашып берді.

Елбасы өзінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылауды «Нұр Отанға» тапсырғаны белгілі. Соған орай
партия республикалық және аймақтық қоғамдық кеңестер құрып, жүйелі жұмыс жүргізуде. IT мамандар даярлау үшін «20
ІТ-орталық» және балаларға арналған тегін «1000 IT-сынып» ашу жобаларын жүзеге асыруда. Мұның бәрі ел игілігінің арнасын
толықтыруда. Партияның еліміздегі ең әлеуетті саяси күшке айналуына, әрине, бірінші кезекте Елбасының тұлғалық, көшбасшылық қасиеті тікелей әсер етті. «Нұр Отан» партиясының

Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен бірнеше съездеріне, форумдарына партия ардагері ретінде делегат болуымды белгілі бір дәрежеде еңбегімнің бағалануы деп ұғамын. Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітіп, еліміздің көк Туын биікте желбіретуде белсенді қызмет атқарып келе жатқан партияластарымды мерейлі 20 жылдықпен шын жүректен құттықтап, халық игілігі үшін атқарып жатқан қызметтеріне зор жетістік тілеймін.

Дәулетжан ЖАҚСЫБАЕВ, 

«Нұр Отан» партиясы І съезінің делегаты, Ақжайық ауданының құрметті азаматы