1.02.2019, 16:11
Қараулар: 9
«Қару» жедел шарасы

«Қару» жедел шарасы

Қызметтік және азаматтық мылтықтар мен олардың оқ- дәрісінің айналымы, сақталуы және пайдаланылуына қатысқы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауданда «Қару» жедел-профилактикалық шарасы ұйымдастырылды. Полицияның аудандық бөлімі мен Тайпақ бөлімі оқ ататын қарулары тіркелген 462 азаматты тексерумен қамтыды. Соларды қауіпсіз сақтау, алып жүру және тіркеуге байланысты қағидалардың бұзылғаны үшін 5 хаттама толтырылып, жалпы соммасы 63125 теңге айыппұл салынды.

Әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Аман Әлмұхановтың айтуынша, оқ ататын қаруларға байланысты өткен жылы түрлі құқық бұзушылықтар үшін 78 әкімшілік хаттама толтырылған. 71 аңшы мылтығы жойылған, оның 61-ін тұрғындар полицияға ерікті түрде тапсырған.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Түсініктеме

Cialis 10 Mg Alcohol Amoxicillin Cause Severe Diarrhea viagra buy accutane in the us