1.02.2019, 16:21
Қараулар: 7
Бірыңғай жиынтық төлем деген не?

Бірыңғай жиынтық төлем деген не?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту бүгіндегі өте маңызды мәселенің бірі болып отыр. Мұны оңтайлы шешу үшін формальды емес жұмыспен қамтылған халыққа, яғни ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларында еңбек етушілерге ұйымдастырушылық, құқықтық мүмкіндік беретін арнайы механизам жасалды. Бұл – бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) механизмі.

Нақтылағандай, жаңа режімнің бірнеше артықшылықтарын атап кетуге болады. Мұнда салық сомасы азырақ, салық пен әлеуметтік төлемдерден тұратын бірыңғай төлем жасауға болады. Салық бойынша есеп беру, салықтық тексерулер және әкімшілік жазалар болмайды. Сонымен қатар ауылдардағы халықтың жүктемесін азайту мақсатында, бұл төлемді ауыл тұрғындары үшін айлық есептік көрсеткіштің жартысына дейін қысқарту ұсынылған. БЖТ төлеу қызметті автоматты түрде тіркеуге және медициналық
әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл өзімен 4 төлемді бірік  тіретін бір төлемдік бірыңғай құқықтық тәртіп (ЖТС – жеке табыс салығы, МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының жарналары және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры). Бірыңғай жиынтық төлем – қалалық жерлерде 1 айлық есептік көрсеткіш (2019 жылға АЕК – 2525 теңге), ал ауылдық мекендерде 0,5 айлық есептік көрсеткіш;

Бірыңғай жиынтық төлем үлесін не құрайды? Міне: 10% жеке табыс салығы; 20% мемлекеттік әлеуметтік сақтау қорының әлеуметтік аударымдары; 30% бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төлемдері; 40% міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру қорының аударымдары.

Табыс табу мақсатымен қызмет атқаратын жеке тұлғаларға БЖТ келесі шарттардың орындалуына байланысты таралады: 1) жалданбалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбау; 2) жеке тұлғаларға қызмет көрсету және жұмыстар атқаратын; 3) жеке қосалқы шаруашылығындағы ауыл шаруашылық өнімдерін тұтыну үшін сататын. Осылайша, БЖТ енгізу азаматтардың өздерінің еңбек қызметін тіркеуіне ықпал етеді. Сөйтіп, әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, жүктілігі мен бала тууы, бір жылға дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мемлекеттік бюджеттен бөлінген аударымдарға қарағанда жоғарылатылған көлемде болады. Мәселен, бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттен 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы қарастырылған. Оған қоса, жүктілік пен тууға байланысты төлем тек әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі.

Жалпы, БЖТ енгізу бейресми жұмыспен қамтылғандарды мыналарға аз көлемдегі ақшамен қол жеткізеді: 1.медициналық сақтандыру қызметтеріне, сомасы мен түрлері бойынша шектелмеген медициналық мекемені таңдау құқығымен; 2.зейнетақы жүйесіне қатысуы және базалық зейнетақы төлемдерін алуға жүйелі қатысу өтіліне байланысты; 3.еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.

 БЖТ кімдерге қолданылмайды? Бұлар: сауда объектілерін қоса алғанда, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің
аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға; тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға беретін (мүліктік жалдау) адамдарға;
жеке практикамен айналысатын адамдарға; оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға; дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдарға қолданылмайды.

Жұмабек ҒАЛЫМЖАНОВ, 

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі