1.02.2019, 16:41
Қараулар: 172
Жұмыс іздеушілерге тренинг

Жұмыс іздеушілерге тренинг

Чапаевтағы «Өркен» коворкинг орталығында заманауи дағдыларды қалыптастыру бойынша «Soft skills» семинар-тренингі өтті.
Оны облыс орталығынан келген танымал бейресми білім беру тренері Оралбек Жандауов жүргізді.

Ауылдардан жұмыс іздеп жүрген қыз-жігіттер, пробация қызметінде есепте тұрғандар да шақырылған шарада «жұмыс беруші» мен «жұмыс іздеуші» рөліне енгендер арасында жедел диалог жүргізіліп, олардың қарым-қабілетін арнаулы бақылаушы саралады. «Екі қолға бір күрек табу үшін қалай іздену керек?, «Жұмыс берушіге өзіңнің ынтаңды, қасиеттеріңді толық қалай көрсете алар едің?» деген сұрақтар төңірегінде кеңес беріліп, ой-толғам ортаға салынды. Осындай семинар-тренингті ауылдық округтер бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар жергілікті жерде ұйымдастыруды ұйғарды.

Сансызбай МҮТӘЛІ, 

Суретті түсірген Абзал ЕСІРКЕПОВ