1.02.2019, 17:07
Қараулар: 15
Қарияларға қуаныш сыйлауда

Қарияларға қуаныш сыйлауда

Қаршы орта мектебіндегі 5-11 сынып оқушыларының «Шапағат» тобы қарияларға, мүгедек жандарға көмек акциясын ұйымдастыруда. Ұлы Отан соғысы ардагері Сұпығали Есімовтің, тыл ардагері Калима Досованың үйлеріне барып, аман-саулықтарын біліп, аулаларын қардан тазартып, бөлмелерін жинастырған ұл-қыздарға қариялар зор тілектерін арнады. Оқушылар маңайындағылардың жәрдеміне мұқтаждарға әрдайым қуаныш сыйлауға атсалысуда.

Айнажан СӘРСЕНБАЕВА,

Ілбішін ауылы