4.02.2019, 8:58
Қараулар: 11
Дәстүрлі «Қамқорлық»

Дәстүрлі «Қамқорлық»

Жылдың алғашқы кезеңінде мектептер бойынша дәстүрге айналған «Қамқорлық» республикалық акциясы Сарытоғай орта мектебінде де нәтижелі өтуде. Әлеуметтік әлсіз, көпбалалы отбасылар балалары назардан ешқашан қағыс қалған емес. Айталық, кәсіпкер Аманжол Масалимов 5 оқушыны оқу жылы бойы ыстық тамақпен өз есебінен қамтамасыз етуді міндетіне алды. Жеке
кәсіпкер Гүлвира Сағымбаева, Лиза Кенжеғалиқызы, шаруа қожалықтарының иелері Ғани Жәрдем, Жасқайрат Жұмашев, Қайрат Ниязбаев, Балғабай Кәрімов, Аман Бисенғалиев, Қамбар Әбдрахманов 9 оқушыға 132600 теңгеге түрлі қысқы күртешелер, аяқ киімдер, спорттық киімдер алып берді. Осындай қайырлы істер одан әрі жалғасын табатыны сөзсіз. Елдің ертеңгі тағдырын қолға ұстайтын жас ұрпаққа қамқорлық ізсіз кетпейтіні кәміл.

Темур ҚҰСАЙЫН, 

«Нұр Отан» партиясы Сарытоғай бастауыш ұйымының хатшысы, әлеуметтік педагог, 

Сарытоғай ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар