4.02.2019, 9:22
Қараулар: 12
«Отпен ойнама!»

«Отпен ойнама!»

Тайпақ ауылындағы «Балбұлақ» бөбекжайында «Отпен ойнама!» атты тәрбие сағатына азаматтық қорғаныстың бөлімше командирі Руслан Бигелдиев пен аға өрт сөндіруші Қанат Түкенов шақырылды. Олар балаларға от көздерінен әрдайым абай болу жайында кеңінен әңгімеледі, өрт сөндіруге арналған киімдері мен өрттен қорғану құралдарын таныстырды. Ұл-қыздар оларға сұрақтарын қойып, жауап алды. Шараға қатысқан ата-аналар Алина Нұржанова, Гүлмира Бижанова, Мейрамгул Ғұсманова балаларды оттан қорғау жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті. «Абайла, от!» атты бейнероликтер көрсетілді.

Жанна БАҚЫТҚЫЗЫ,

Тайпақ ауылы