4.02.2019, 9:34
Қараулар: 17
Ерлік сабақтары өтуде

Ерлік сабақтары өтуде

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес азаматтарды тіркеу учаскесіне алдын-ала шақырып, тізімдеуден ауданда 230 бозбала өтуі тиіс. 17 жастағы бұлардан апта басына 123-і жоспарлы тізімдеуден өтті.

Алдағы кезде әскерге алынатындардың бастапқы әскери дайындығы қалай? Әскери-патриоттық тәрбие тегеурінді ме? Осы тақырыптарға арналып шақыру комиссиясының құрамы, ауылдардағы әскери есепке жауапты мамандар, бастапқы әскери дайындық пәні оқытушыларының қатысуымен аудан орталығында өткен әдістемелік нұсқау жиынында ауқымды шаралар белгіленді. Соған сай айталық, бозбалалармен Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігі, өткен жылы 100 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілген Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдоловтың майдан жолы туралы дәрістер, аға ұрпақ өкілдерімен, жылдар жүзінде Қарулы Күштер қатарындағы қызметті абыроймен орындаған ақжайықтықтармен жүздесулер өткізілуде. Сондай-ақ Кеңес әскерлері шектеулі контигентінің Ауған жерінен шығарылуына 30 жыл толуына байланысты барлық ауылда ұл-қыздармен ерлік сабақтары өтіп жатыр.

Сұңқар СЕРІК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар