4.02.2019, 10:31
Қараулар: 16
Тасқаланың күрес кілемінде

Тасқаланың күрес кілемінде

Тасқала ауданында Ауған соғысының және спорт арда гері Амангелді Исмағұловтың құрметіне еркін күрестен — жасөспірімдер арасында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өткізілді. Біздің аудан командасы дүбірлі додада жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Айта кетсек, 2008-2009 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында Абат Манас (32 келі), Абат Санжар (42 келі) III орынға ие болды. 2005-2007 жылдарғы балауса балғындардан Әнуар Бегімов (42 келі) біріншілік жеңімпазы атанса, Жарас Мақсот (50 келі) II орынға ие болды.

Әлия АБЗАЛ