5.02.2019, 12:10
Қараулар: 27
Танымал самбошымен жүздесті

Танымал самбошымен жүздесті

Самбо күресінен ел және Азия чемпионы, дзюдодан Қазақстанның қола жүлдегері, былтыр Грузияда жастар арасында самбодан өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері (52 келі салмақ дәрежесінде), Тайпақ түлегі Армат Қабдолов өз ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттерімен жүздесті. Армат Расулұлы кім-кімге де аса қажет табандылық, саламатты өмір салты, еңбексүйгіш ағаапалардан үйрену жарқын тағдырға жол ашатыны жайында айтып, өзінің спорттағы жетістіктері қол жеткенге тоқмейілсімеудің, сәтсіздіктерге мойымаудың арқасы екенін әңгімеледі. Тайпақтағы алғашқы бапкері Әсет Ғабдолов, Оралдағы жаттықтырушысы Мейірім Базаров сынды жандардың еңбекқорлық өнегесі өзіне әрдайым қуат екенін баяндап, балғын спортшылардың сұрақтарына жауап берді.

А.Қабдолов облыс орталығындағы педколледжде спорт факультетінің соңғы курсында оқиды, бүгінде Тайпақтағы Құрман Байсықов атындағы мектепте машықтанудан өтуде.

Бекем БЕКҰЛЫ

Түсініктеме

Buy Kamagra Jelly Uk Ckuk Kamagra generic viagra Cheap Silagra 100 Mg Kamagra Achat 100mg Levaquin 500mg