6.02.2019, 15:30
Қараулар: 168
Президенттік көпсайыста

Президенттік көпсайыста

Мектеп және колледж оқушыларының IX қысқы спартакиадасы бағдарламасына сай Оралда өткен президенттік көпсайыстан ақжайықтық өрендер табыспен оралды.

Яғни командалық есепте ұлдарымыз да, қыздар да ІІІ орынды иеленді. Ерлан Досалиев, Алмат Жазықбаев, Қуаныш Жұмағазиев сынды мұғалімдер жаттықтыратын Чапаев №1 орта мектебінің оқушылары Р.Тілес, М.Сұлтанғалиев, М.Досмағамбетова, К.Сағиденова, Д.Тарақанов, А.Павлов, Н.Қанатова, А.Қанатова, Л.Хорева, С.Қуанова, А.Ким және Д.Блиновтің мақсаткерлігі мен
ұйымшылдығына аса ризамыз.

Кенжебек АЙТҚАЛИЕВ,

аудандық білім бөлімінің әдіскері