6.02.2019, 15:35
Қараулар: 17
Ел чемпионатына жолдама алды

Ел чемпионатына жолдама алды

Орал қаласында бокстан жастар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Оған ауданымыздан 7 спортшы қатысты. 52 келі салмақ дәрежесінде Мұрат Әлішер және 91 келіде Бекзат Бақытжанов I орын иеленіп, Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Кенжеғалиев Бекарыс (56 келі), Қабдолла Абай (+91 келі), Бекзат Ұзақбаев (69 келі), Бекзат Салыхов (75 келі) III орынға табан тіреді.

Жеңіс ЫБЫРАЙ