8.02.2019, 9:35
Қараулар: 14
Табиғат сақшыларының назарында

Табиғат сақшыларының назарында

Қаршы орман шаруашылығының қызметкерлері балықтарды, аңдарды қыс маусымындағы тиісті қамқорлыққа алды. Мысалы, Жайық өзенінде, қарасуларда балыққа ауа жеткізу үшін 19 ойық жасады. Сондай-ақ судағы оттегіні молайту мақсатында сусорғылар арқылы ауа байытылса, қызметкерлер ормандағы аңдарға арнайы дайындалған астауларға үш центнер шөп, 10 келі қара тұз, екі қапшық жем салып тұрады. Орманшылықта жаз айларында орын алуы мүмкін өртке қарсы қам-қарекеттер жасалып, алапта орналасқан жеті шаруа қожалығы, бір аңшылық қосын маңайларында өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде тақтайлар орнатылды.

Мирас ЕРКЕНОВ,

Қаршы орманшылығының орман шебері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар