8.02.2019, 9:38
Қараулар: 163
Қуанышымызды құтайтады

Қуанышымызды құтайтады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді жүйелі жүзеге асыру мақсатында облысымызда, оның ішінде біздің ауданымызда ауқымды істер жүзеге асуда. Мәселен, биыл 81 млн. теңгенің 20 жобасы жоспарланып отыр екен. Осының бәрі қуанышымызды құтайтады.

Біздің ауылымызда да демеушілер халыққа пайдалануға беретін нысандар жоспары бар. Былтыр «Шынар» шаруа қожалығының жетекшісі Темірболат Қаржауов ағамыз балалар ойын алаңын пайдалануға беріп, ұл-қыздарды ерекше қуантты.

Жастар жылы құрметіне рухани серпіліске өз үлестерін қосуға талпынға жас толқынға қарап тұрып та қуанамын. 1991 жылғы туған мектеп түлектері ауылымызға жазғы сахна салып беруді ұйғарды. Ауылды түлетуге қолдан келгенше үлес қосқанға не жетсін.

Айнат НАГИБОВА,

Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар