11.02.2019, 9:20
Қараулар: 12
Ел абыройын асқақтатайық

Ел абыройын асқақтатайық

Ақұштап САПАРҒАЛИЕВА, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы:

– Елбасымыз «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейту керегін, осыған орай «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына енгізілетін мамандықтардың тізімін кеңейтуді ұсынды. Ауылға көшіп барғаны үшін төленетін бір реттік жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жас мамандарға болашақта ауылда қызмет етуге үлкен серпіліс берері шүбәсіз. Мысалы, ауданымызда 2017 жылы 40 жас маман 6 млн. 353 мың теңге көтермеақы алса, 26 маманға 81 млн. 841 мың теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілді. 2018 жылы 69 маманға 11 млн. 616 мың теңге көтермеақы беріліп, 48 маман 165 млн. 317 мың теңге тұрғын үй несиесін иеленді. Бұл көрсеткіштер аталмыш бағдарламада өзгерістерге байланысты биыл да көбейе түсері сөзсіз.

Елімізде жас отбасылар мен жұмысшы жастар да назардан тыс қалмауда. Жастарымызды бизнес саласында майталман болуға
сенім артқан Елбасы шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын
әзірлеу қажеттігін айтып өтті. Бұл жобаның аясында еңбекпен қамтылған жас күш қатары өсетіні анық.

Бағзы заманнан бері қай елде болмасын қоғамды алға жетелейтін – балауса буын. Күш-қайратымызды, жігерімізді тәуелсіз
Қазақстанның дамуына жұмсауымыз қажет. Еліміздің елдігін, әлем алдындағы беделін, абыройын одан әрі асқақтатайық