11.02.2019, 9:41
Қараулар: 182
«НАЗАР АУДАР: бағдаршам!»

«НАЗАР АУДАР: бағдаршам!»

SONY DSC

Облыстық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес ұл-қызға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, жаяу жүргіншілер арасында жол апатының алдын алу мақсатында аудандық балалар шығармашылығы орталығы және аудандық «Жас ұлан» «Назар аудар: бағдаршам!» акциясын  өткізуде. Шара барысында аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің және Абай атындағы мектеп-гимназияның жас жол инспекторлары тобы мүшелері әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы, аға лейтенант Ерик Абдоловпен бірге жаяу жүргіншілерге және көлік жүргізушілерге қысқы уақыттағы мұздақ күн райына байланысты жол қауіпсіздігі туралы түрлі жадынамалар, үнпарақтар таратып, көшелер бойында тұрғындармен әңгімелер өткізуде.

«Назар аудар: бағдаршам!» акциясы мектептерде жалғасын табуда. Бастауыш сынып оқушылары жаяулардың жол жүру ережелеріне байланысты мағлұмат пен өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Оларға «Бағдаршам ағайдың» кеңестері» атты парақшалар үлестірілді. «Жолдағы қауіпсіздік ережесін білеміз бе?» атты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.

Замзагүл ДАМЕРҚЫЗЫ, 

аудандық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы, балалар шығармашылығы орталығының педагогұйымдастырушысы