11.02.2019, 9:55
Қараулар: 11
«Балбұлақтағы» апталық

«Балбұлақтағы» апталық

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын насихаттау жөнінде ауданда тың істер атқарылуда. Осы орайда Тайпақ ауылындағы «Балбұлақ» бөбекжайында атааналармен өткен «Рухани жаңғыру – болашаққа даңғыл жол» атты апталық мазмұндылығымен ерекшеленді. Шара барысында сурет байқаулары, спорттық сайыстар, тәрбие сағаттар, дөңгелек үстел, түрлі дәрістер өткізілді.

Отбасындағы тәрбие өте маңызды рөл атқаратындығын көрсету, балабақша мен ата-ана байланысында өзара серіктестік орнату, әке-шешенің, баланың оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру мақсатында «Аққайың» ортаңғы тобының тәрбиешілері Гүлшат Алпаева мен Назгүл Әділгереева ұйымдастырған «Бақытыңды балаңнан ізде!» тақырыбында дөңгелек үстелде ұл-қызға рухани дәулеттің маңызын ұғындыру, көркем әдебиет оқуды өмір бойғы дағдыларына айналдыру, еңбектің әліппесіне баулу, туған жердің тарихынан хабардар жасау жайында ой-толғамдар ортаға салынды. Отағалар мен отаналарға әдістемелік көмектер берілді, жадынама таратылды.

Сондай-ақ әке-шешелер «Менің балам қандай?» атты мәжіліс, «Біз бір-бірімізді түсінеміз бе?» атты сағат өздеріне ой салып, рухани жетілу, ауыл-елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы хақында білгендерін толықтырғанын атап көрсетті.

Жанна ОТАШЕВА, 

«Балбұлақ» бөбекжайының әдіскері, 

Тайпақ ауылы