12.02.2019, 11:18
Қараулар: 188
«READx» – керемет жоба

«READx» – керемет жоба

Қабыршақты ауылындағы орта мектепте балаларды, жасөспірімдерді кітап оқуға баулу мақсатында «READx» жобасы ұйымдастырылды.

Жас ұрпақтың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген жобаның мектеп оқушылары үшін тәрбиелік мәні зор болды. Ауыл әкімі Тілек Насырұлы, кітапханашы Мирамгүл Тілекқызы, мәдениет үйі меңгерушісі Фарида Хазиоллақызы және «Ұлағат» әкелер клубының мүшесі Талап Қуанышұлы ұл-қыздарға кітаптың өмірлік орны, өздеріне сыйлаған білімі, игі ықпалы жайында кеңінен әңгімеледі. Әйгілі қаламгерлердің, Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма», Немад Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», өз облысымыздан Дариға Мұштанованың «Аңыз болған абысындар», Мира Шүйіншәлиеваның «Өкініш» атты кітаптарынан алған әсерлерімен тұрғындар жанжақты бөлісті.

Осындай шаралар мектепте жүйелі түрде өткізіліп, кітапқұмарлар қатарын қалыңдатуға септігін тигізеді деп сенеміз.

Гүлайназ СӘРСЕНҒАЗИЕВА,

10-сынып оқушысы, 

Қабыршақты ауылы