12.02.2019, 11:21
Қараулар: 181
Рингте атойлаған Ақбала

Рингте атойлаған Ақбала

Аудамыз түлегі Ақбала Наурызбек бүгінде Павлодар қаласында әскери борышын өтеп жүр. Ол ақжайықтықтар мақтан тұтқан өреннің бірі болып табылады. Ақбала мектептегі оқушы кезінде аудандық балаларжасөспірімдер спорт мектебінде де үлгілі шәкірт болып, бокстан бапкері Ерлан Хамзиннің үмітін ақтап, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда талай жүлдені қанжығасына байлаған-ды.

Бокстан спорт шеберіне үміткер, жекпе-жек сайысын игеруде де талантымен көрініп жүрген А.Наурызбектің кезекті жетістігі жайында жанкүйерлері тағы естіп-біліп, қуанышқа кенелді. Ол Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Өскемен қаласында өткен біріншілігінде жекпе-жек сайысы бойынша 65 келі салмақ дәрежесінде III орынға ие болды.

Бекем БЕКҰЛЫ