12.02.2019, 11:23
Қараулар: 35
Балғын боксшының табысы

Балғын боксшының табысы

Ақжол ауылдық округіндегі Қаршы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Төлебай Нұрасыл аудандық балаларжасөспірімдер спорт мектебі тобының үлгілі шәкірті, яғни бокстан жаттықтырушылары Тілек Күзбақов пен Данияр Сейітқалиевтің үмітін ақтап жүргендердің бірі болып табылады. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Марат Мәзімбаевтың жүлдесіне арналып 2005-2008 жылдарғы кіші жасөспірімдер арасында Алматы облысының Қордай ауданында өткен республикалық турнирге ауданнан 3 балғын боксшы қатысқан болатын.

– Төлебай рингте мығым болып, 32 келі салмақ дәрежесінде 4 жұдырықтасу өткізіп, ІІ орынға ие болды. Бұл аудан спортшыларының осы жылдағы жетістіктерін ашқан бір айтулы табыс деп есептейміз, – дейді аудандық балаларжасөспірімдер спорт мектебінің әдіскер нұсқаушысы Қаратай Бекесов.

Шұғыла ДЕМЕУ