12.02.2019, 11:25
Қараулар: 199
«Сақ бол, балақай!»

«Сақ бол, балақай!»

Тайпақ ауылындағы «Балбұлақ» бөбекжайында балғындарға жол ережесіне байланысты «Сақ бол, балақай!» атты шара ұйымдастырылды. Балаларға көше жолдарында кездесетін қауіпті жағдайлардың алдын алу жайында Тайпақ полиция бөлімінің жол полиция қызметінің өкілдері, капитан Азамат Кәрімов пен Мәлік Әженов өздерінің дәрісінде ұғынықты тілмен баяндап, бүлдіршіндердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Сосын ұл-қыздар «Жолда жүріп үйренейік!» атты көрініс қойып, жол белгілері туралы тақпақтар айтып, жол белгілерінің түрлерін көрсетіп, бұлардың орны туралы білетіндерін жеткізді. Үлкендер жолда жүру ережесі туралы балалар салған суреттер көрмесін тамашалады.

Жанна ОТАШЕВА,

бөбекжай әдістемешісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар