12.02.2019, 11:26
Қараулар: 17
Азаматтарға орны зор мектеп

Азаматтарға орны зор мектеп

Жылдағыдай, бүгінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде Орал қаласындағы әскери-техникалық мектебіне 24-27 жас аралығындағы денсаулығы жарамды, шектеулі жарамды және әскерден кейінге қалдырылған азаматтарды қабылдау жүргізілуде. Оқу мерзімі 40 күн, жататын жері, тамағы тегін, төлемі 263 000 теңге болып табылатын аталған оқу орнын 2017 жылы 24, 2018 жылы 5 ақжайықтық аяқтады.

Осы мектепті аяқтағандарға мемлекеттік үлгідегі сертификат, әскери билет беріледі. Бұл оларға әскери салада жұмыс жасауға мүмкіндік әкеледі. Егер оқуға дейін жұмыс істеп жүрсе, жұмыс орны сақталады.

Марал САДЫҚОВА, 

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар