12.02.2019, 11:29
Қараулар: 180
Сот отырысы – онлайн

Сот отырысы – онлайн

Аудан №2 сотында «Smart Сот» жобасының аясында бейнеконференц байланыс арқылы жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Өткен жылдың қыркүйегінде Орал – Атырау жолының аудандағы Ақсуат тұсында жүргізуші Жамбыл облысынан болып табылатын «Toyota» көлігі сағат 21.30-да аталған ауыл тұрғынының жол бойында жүрген бір мүйізді ірі қарасына соқтығысады. Автомобильге зардап келіп, мал иесіне талап жүктеледі.

«TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы өткізілген сот отырысында тараптар дистанционды түрде сот отырысына қатыса алу мүмкіндігіне қанағаттанды. Онлайн тәртібімен өткізілген отырыста олар медиация қолданылуына, сөйтіп татуласуға келісім жасап, көлікке келген шығынды мал иесі өтеп, азаматтық істі қысқартуға өтініш білдірді.

Соттың ұйғарымымен медиация арқылы дауды реттеу келісімі бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар