12.02.2019, 11:33
Қараулар: 206
Аудан аяқдопшылары бәсекесі

Аудан аяқдопшылары бәсекесі

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты шағын футболдан өткен аудандық жарысқа 17 орта және бір негізгі мектеп қатысты. Жанжақты дайындықпен келген ойыншыларға алдымен сол кездегі Ауғанстандағы соғысқа КСРО-дан жөнелтілген әскерлер қатарында көптеген қазақстандықтың да ерлік көрсеткені, бүгінгі бейбіт күнімізді бағалау жайында айтылды.

Бұл шара өрендердің аяқдоптан шеберлігі өрістей түскенін көрсетті. Аудан орталығындағы спорт залдарда өткен ойындар қорытындысында I орынды Бітік орта мектебі, II орынды Алмалы орта мектебі, III орынды М.Әуезов атындағы орта мектеп пен Чапаев №1 орта мектебінің командасы иеленді. Ауылдарда футболды өрістету тақырыбында пікір алмасылып, ой-толғамдар
ортаға салынды.

Кенжебек АЙТҚАЛИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар