12.02.2019, 11:35
Қараулар: 207
«Ауғанның от-жалыны»

«Ауғанның от-жалыны»

Ақжол ауылдық округіндегі Ілбішін ауылдық модельді кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуы қарсаңында осындай атпен кездесу өтті. Ауған соғысының ардагері Закария Қадешов майдан жолындағы естеліктерімен бөлісті. Кездесу меймандарының бірі ақын Сағынтай Бейсенғалиев аталған датаға арнаған жырын оқыды. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Ауғанстан – жүректегі жара» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды. Ауған соғысы туралы бейнеролик көрсетілді.

Айбөбек АЙБОЛАТҚЫЗЫ,

кітапханашы 

Суретті түсірген автор

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар