12.02.2019, 11:37
Қараулар: 182
Әскери қызметке әзірліктерін шыңдауда

Әскери қызметке әзірліктерін шыңдауда

Атамекен ауылындағы М.Өтемісов атындағы орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Қуандық Айтжанұлы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты әскери-патриоттық байқау өткізді.

Оқушыларды саламатты өмір салтын ұстануға баули отырып, спортқа қызығушылықтарын, әскерде қызмет етуге ынталарын арттыру мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында өткен сайыс мазмұндылығымен көпшілікке ұнады. Әр оқушы газ тұмылдығын киюде, «АК-74» автоматын бөлшектеу және жинау барысында ұқыптылық танытып, бастапқы әскери әзірлікте оқып-үйренгендері аз емесін танытты. Бұл мектеп жетістіктердің бірі деп білеміз. Бес қаруы сай, саптық жаттығуларды жетік меңгерген, әскерге дайын өрімдер қатары қалың болғанына не жетсін.

Ағайлары Қуандық Айтжанұлының ізденісі арқасында жеткіншектер көптеген осы секілді шарада әскери қызметке
дайындықтарын шыңдай түсуде.

Толқын КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

Атамекен ауылының тұрғыны

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар