12.02.2019, 15:38
Қараулар: 14
Зейнетақы жинағын білгіңіз келсе…

Зейнетақы жинағын білгіңіз келсе…

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру мемлекеттік қызметі «Электрондық үкімет» порталына енді. Яғни электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз: БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау; дәстүрлі пошта байланысы; электрондық тәсіл, оның ішінде: БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай; логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет; «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинет арқылы.

Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді кез келген
салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары
туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді.

Самал ТӨКЕНОВ,

БЖЗҚ Чапаев ауылындағы операциялық бөлімінің жетекші маманы