13.02.2019, 15:28
Қараулар: 12
Кәсіп бастаудың тетігі

Кәсіп бастаудың тетігі

Чапаевтағы «Өркен» коворкинг орталығында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Атамекен»
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Jas business» семинар-тренингі өтті.
Шара барысында жиналған жастарды кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында аталған ресурстық орталықтың маманы Ақұштап Сапарғалиева тренинг өткізіп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы филиалының кеңесші маманы Махамбет Әбілов кәсіпкерліктің түрлі бағытын жан-жақты түсіндірді. Іс бастауға ниетті жастар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды.

Мысалы, Ақсуат ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маманы Шырайлым Бақтығалиева түрлі сала бойынша кәсіп бастау үшін жастарға қандай бағдарлама бар екенін сұрады. Алғабастық жас мамандар Базар Мұрсәлімов, Жәдігер Ғилманов мал шаруашылығын дамыту және асылдандыру бойынша берілетін несиелер, грант шарттары туралы сауал қойды.

М.Әбіловтың айтуынша, кәсіптің қай түрінде болмасын, грант ұту үшін жастарда инновациялық жобалар болуы керек. Тың кәсіп
көзін тауып, бизнес жоспарларын қорғау шарт болып табылады. Сондай-ақ «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы бір ай тегін оқуға болады. Сонымен қатар бұл оқу курстарына кәсібін ашқысы келетіндермен қатар шаруа қожалығын, жеке кәсіпкерлікті ашқанына үш жыл толмаған жандарға да жол ашық. Курсты аяқтағаннан кейін кәсіпке ынталылар бизнас жоспарларын облыстық
кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасына жолдайды. Шарада «Игілік», «Құлан», «Сыбаға»,
«Кәсіпкер» секілді бағдарламалар бойынша молынан түсініктер берілді.

Рахмет ҚАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар