14.02.2019, 9:38
Қараулар: 435
Волейболдан бәсекелер

Волейболдан бәсекелер

Чапаевта волейболдан әйелдер командалары арасындағы аудан біріншілігі өтті. Жарысқа сегіз ауылдық округтің командасымен қоса Тайпақтан Қ.Байсықов атындағы орта мектеп, Чапаевтан агротехколледж, М.Әуезов атындағы орта мектеп, аудандық аурухана, №1 орта мектеп, балаларжасөспірімдер спорт мектебі мен «Жігер» спорт клубының командасы қатысты.

Тартысты да қызықты сайыстар қорытындысында «Жігер» спорт клубы командасы жеңімпаз атанды. II орынды М.Әуезов атындағы орта мектеп командасы иеленсе, III орынды балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Алғабас ауылдық округінің командалары бөлісті.

Күләш Тілеулина – «Үздік ойыншы», Әсемгүл Ақбаева – «Үздік тосқауылшы» (екеуі де М.Әуезов атындағы орта мектеп), Диана Жұбандықова – «Үздік шабуылшы», Ахмет Құралай – «Үздік қорғаушы» (БЖСМ), Дильназ Темірболатова – «Үздік шабуылшы», Азиза Айтқали – «Үздік қорғаушы» (Тайпақ ауылы), Лилия Әбдірашитова – «Үздік байланыстырушы» («Жігер» спорт клубы) аталымдарымен марапатталды.

Галина ЛИПАТОВА,

«Жігер» спорт клубының спорт нұсқаушысы