14.02.2019, 9:56
Қараулар: 11
Допты хоккейден біріншілік

Допты хоккейден біріншілік

Аудан орталығындағы «Жастар» спорт алаңында допты хоккейден ерлер командалары арасында біріншілік өтті. Жарысқа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, агротехколледж, М.Әуезов атындағы және Чапаев №1 орта мектептері командалары қатысты.

Сайыстар қорытындысында аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ойыншылары жеңімпаз атанды. Ерген Борисов – «Ең жас ойыншы», Данил Тарақанов – «Үздік қақпашы» (екеуі де №1 орта мектеп), Әлібек Нұрғалиев – «Үздік ойыншы», Ермек Сарқұлов – «Мерген ойыншы» (әлеуметтік қызмет көрсету орталығы), Ақболат Бисекешов – «Үздік қорғаушы» (М. Әуезов атындағы орта мектеп) аталымдарымен қошеметтелді.

Серік ЫБЫРАЙ

Түсініктеме

Kamagra Online Buy Vytorin Propecia Depression Reversible Comprare Levitra In Rete