14.02.2019, 10:01
Қараулар: 432
Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Облыс аумағында өрт жағдайын тұрақтандыру, сондай-ақ «тілсіз жау» кезінде адам өлімін болдырмау мақсатында БҚО төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй секторларының өрт қауіпсіздігі бойынша Оттан,  тұншықтыратын иістен абайла!» («STOP: угарный газ!») айлығын өткізу туралы жариялаған бұйрығына сәйкес 4 ақпаннан бастап ауданымызда тиісті іс-шаралар өтуде.

Төтенше жағдайлар бө лімінің кызметкерлері өртпен күрес бөлімі — қызметкерлерімен бірлескен рейдтерде от көздерінен сақтану жайында тұрғындармен кеңінен түсінік жүргізіп, жадынамалар таратуда. Бүгінге дейін аудан бойынша 326 үйге аулааралық шолулар жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі байқасталды. Ауылдар әкімдері аппараттары өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен бірлескен түнгі  шолулар ұйымдастырылуда.

2018 жылы ауданда барлығы 41 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл 2017 жылмен салыстырсақ өрт оқиғаларының 2,3%-ға азайғанын көрсетеді. Соның ішінде ауданда тоғыз тұрғын үйдің, 19 шаруашылық құрылыстары мен мал азығын сақтау орындарының, бір
әкімшілік ғимаратының, 10 автокөліктің және бір трансформатордың өртенуі ұшырасты. Оқиғаның көбі тұрмыстық электр құралдарын, тұрмыстық газды, жылыту қазандықтары мен пештерін пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан кездесті. Демек, жайбарақаттауға ешқашан жол жоқ.

Еламан КЕНЖЕҒАЛИ, 

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар