14.02.2019, 10:02
Қараулар: 7
Ұмытылмайтын қайырым

Ұмытылмайтын қайырым

Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзін көресің» деген. Мұның мысалын біздің Жаңабұлақ ауылынан да көруге болады. Көпбалалы немесе табысы төмен отбасылардан мектебімізде оқитын ұл-қыздарға тұрғындар, еңбек ұжымдары қажетті оқу құралдары, киімкешекпен көмектесіп келеді.

Ал жуырда басталған дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясына байланысты мектеп мұғалімдері мен оқушылардың өздері жәрдем қажет 30 шәкіртке 25 мың теңгенің оқу құралдары мен киімін алып берді.

Лаура ТЕМРЕШОВА, 

әлеуметтік педагог, 

Жаңабұлақ ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар