14.02.2019, 10:05
Қараулар: 198
Пәтердің кіреберісі өртенді

Пәтердің кіреберісі өртенді

3 ақпаннан 4 ақпанға қараған түні сағат 02.30 шамасында Чапаевтағы Достық көшесі бойындағы 2 қатарлы үйдің бір пәтерінің кіреберісінде өрт шықты. «Тілсіз жаудың» себебі сол кіреберісте орнатылған жылу пеші мұржасының өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып салынуынан болып шықты.

Яғни бұрында пәтерге қосымша тұрғызылған кіреберісте орнатылған пеш мұржасының шатырға шығар жері от қызуына қарсы талапқа сай қамдалмаған. Бұл жалпы аумағы 12 шаршы метр төбенің жануына әкелген. Сәтін салғанда, №24 өртпен күрес бөлімінің қызметкерлері өртті барынша тез ауыздықтады, тұрғындар зардап шеккендер жоқ.

Әлия АРДАҚ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар