15.02.2019, 17:13
Қараулар: 185
Абайламаған аңырап қалады

Абайламаған аңырап қалады

Жыл басынан-ақ ауданда үш өрт оқиғасы орын алды. төтенше жағдайлар бөлімінің инженері еламан Кенжеғалидың айтуынша, соның екеуінде «тілсіз жау» тұрғын үйдегі пеш ақауының салдарынан шыққан. Абырой болғанда, адамдар аман.

Бүкіл жердегідей, бүгінде өрт қауіпсіздігіне қатысты тиісті қызметтер өкілдері жиіжиі түн қатып, түс қашып жүр. Сонда тұрғындардың қандай бейқамдығына тап болуда? Бұл жөнінде олар ешқандай «жаңалық» айта алмайды. Яғни көптеген отбасында баяғы сол салақтықтың, қаперсіздіктің «жаны сірілігі» ап-айқын көрініп тұр. Кеше ғана ТЖБ мен өртке қарсы құрылымдар қызметкерлері аудан орталығы мен Тайпақ, Қарауылтөбе ауылдарында рейдтер өткізу барысында сондай жай-күйге тағы бір көз жеткізді.

Айталық, Чапаевтағы 45 тұрғын үйді өрт қауіпсіздігіне байқастау кезінде үш баспанада кәмелетке толмаған балалар үлкендердің
қарауынсыз екені анықталды. Ал екі үйде тура іште газбаллондар сақталып келген.

– Пештері ағашпен жағылатын жеті тұрғын үйге аман-саулық сұрасып бас сұққан рейдшілер көзіне баяғыдан бергі тағы бір әдет –
от көздеріне жақын жайылған кір-қоң, аяқ киімдер оттай басылғанын қайтерсің, – дейді ТЖБ аға инженері Алмат Сапарғалиев.

«Апат айтып келмейді» деп жатамыз. Барлық кезде бірдей солай ма?! Жоғарыда баяндалған мысалдар кесапат-кесірдің менмұндалап, жаңғырып келетінін аңғартпай ма?! Осы күні Тайпақта – 25, Қарауылтөбеде 15 баспанаға шолу жасалды. Жыл басынан бері мұндай шара аудан бойынша 652 баспанаға жүргізілген екен. Қаншама айтылып, ескертілсе де қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдалану, пешті, түтіндікті күйеден тазаламау, жылу көздерін ұзақ уақыт қараусыз қалдыру секілді қамсыздық ушығып тұрғаны жайында тиісті қызметтер дабылдатып-ақ жүр.

Осыдан қорытынды шығуын айт. Қауіп-қатер шынтуайтында, босаңсығанды, немқұрайлылықты бағып, аяқ астында бұғып жатыр.
Абайламаған аңырап қалады.

Бекем БЕКҰЛЫ 

Суретті түсірген Нұрхат МАҒЗОМОВ

Түсініктеме

Comprar Cytotec En Estados Unidos Can Lasix Be Given Im cialis Sun And Amoxicillin