18.02.2019, 12:09
Қараулар: 453
Аналарымен бірге ән әуелетті

Аналарымен бірге ән әуелетті

Тайпақ ауылындағы «Балбұлақ» бөбекжайының музыка жетекшісі Ғалия Әлсейітова аналар мен балалар арасында «Ән шырқайық бәріміз!» атты байқау өткізді. Айталық, Әлия Сұлтанғалиева қызы Есет Гүлсезіммен, Сәуле Абдуғалиева ұлы Әлихан Әбдуғалиевпен, Сағира Тәжғалиева қызы Айзере Жұмалымен, Альбина Отарғалиева қызы Мадина Насиболламен өздерінің өнерге бейімділіктерін, ізденістерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Отанасылар тәрбиеге, дәстүрге байланысты сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Бұл олардың байқауға жан-жақты дайындалғанын көрсетті. Ата-бабаларымыз пайдаланған, кейбірі ұмытылып бара жатқан ұлттық аспаптарды ажыратып, атап берді. «Әуенді тап» бөлімінде 70-80 жылдардағы әндерді 7-8 нотадан тыңдап ажыратып, әннің жалғасын айтып әуелетті.

Сөйтіп, қорытындысында аналарымен бірге І орынды А.Жұмалы, ІІ орынды Ә.Әбдуғалиев, ІІІ орынды Г.Есет иеленді. Номинациялар тапсырылып, осындай шаралардың отбасы мен тәрбие мекемелері арасындағы байланысты нығайтудағы маңызы, ұл-қыз тәліміне заманның мықты талабы жайында ой-пікір алмасылды.

Жанна ОТАШЕВА, 

«Балбұлақ» бөбекжайының әдіскері